Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәтті сусын ағзаға зиян

Тәтті сусын ағзаға зиян

Ғалымдар күніне 355 миллилитр тәтті сусын ішкен адамда жүрек, қан тамыры аурулары пайда болуы мүмкін дейді. Яғни, тәтті сусын ішкен адамның қанында пайдалы холестерин азайып, «зиянды» холестерин мөлшері көбейіп кететін көрінеді. Бұл туралы Америка Денсаулық сақтау қауымдастығының журналы жария етті.
Мұнда тәтті сусын деп отырғанымыз табиғи жеміс-жидек шырыны емес, құрамына көп қант қосылатын сусындар. Бұған газдалған, сок пен спорт сусындары жатады. Қанттың жүрекке, қант тамырларына зиян келтіретіні бұрыннан анықталған еді. Ол кезде ғалымдар қанттың құрамында көп калория болғандықтан, адамды семіздікке шалдықтырып, кейін жүрек-қан тамырлары ауруына душар етеді деп есептеген еді. Алайда жаңа зерттеу жасаған Америка ғалымдары қанттың тағы бір зиян жағын ашып берді. Ағзаға түскен көп қант қанда жүрген майдың мөлшері мен тепе-теңдігін бұзып, пайдалы элементтерін жойып жіберетін көрінеді. Framingham Heart Study жобасы аясында зерттеу жүргізген ғалымдар 6 мыңға жуық адамды бақылауға алып, 13 жылға жуық тәжірибе жасаған. Яғни, тәтті сусын ішкізіп, адам ағзасында қандай өзгерістер болатынын бақылаған. Зерттеуден келесідей қорытындылар шықты: Қанты бар сусынды көп ішкен (күніне 355 миллилитр) адамның ағзасында зиян май 53 пайызға дейін көбейіп, пайдалы майдың көлемі күрт төмендеп кетеді. Ал калориясы аз, яғни, қанты жоқ сусынның холестеринге еш зияны жоқ, бірақ басқа бір зияны болуы мүмкін. 100 пайыз табиғи жеміс шырынын ішкен адамның қанында, холестерин құрамында еш өзгеріс болмаған. "Тәтті сусын ішпейтін не аз ішетін адамның қанында пайдалы май қажет мөлшерде сақталып, ағзаның дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Ал қанты аз сусындардың холестеринге зияны жоқ екені анықталса да, оның басқа зияны болуы мүмкін. Оны зерттеу керек. Қалай десек те, таза су ішкен дұрыс. Су – нағыз табиғи сусын", - дейді зерттеу жетекшісі Никола Маккиун.
massaget.kz
02 наурыз 2020 ж. 1 747 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031