Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті

Аудан әкімі құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті

Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қазалыдағы бірқатар құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті. Алдымен мекеме басшыларымен танысып, алда келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысымен кездесуге «Қазалы Тұлпары» ЖШС директоры, ардагер құрылысшы Ашықбай Тоғымов, «Қазалы Строй Сервис» ЖШС директоры Әділбек Сарабеков, «Намыс құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулі, «Болашақ» ЖШС директоры Панабек Әлиев, «Нұрас и К» ЖШС директоры Нұркен Ботабаев, «Энергомера» ЖШС директоры Бекетай Мұхашев, «Сарым Құрылыс» ЖШС директоры Райымбек Бөлебаев сынды бірқатар құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты.
Мұнан соң ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары сөз болып, аудан басшысы ең бірінші кезекте сапаға мән берілу қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, биыл бірнеше нысанның құрылысы басталатынын тілге тиек етті.
Кездесу барысында ардагер құрылысшы Ашықбай Тоғымов пен «Намыс құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулі ауданда алдағы уақытта басталатын жобалармен жергілікті мердігер мекемелердің айналысуы жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.
Басқосуды аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қорытындылап, аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауданды көркейту, дамыту бағытында жаңа жобалармен тың идеяларға әрдайым қолдау білдіретіндігін жеткізіп, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 наурыз 2024 ж. 322 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 155

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031