Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенат депутаты Қазалыдағы құрылыс нысандарында болды

Сенат депутаты Қазалыдағы құрылыс нысандарында болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.Сенат депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы сапар барысында тұрғындармен кездесті. Oблыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен құрылысшылар қатысқан жиынға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев төрағалық етті.
Кездесуде Сенатор Парламенттегі атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын баяндады.
Отырыста облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп ауданда балабақшаларды жан басына қаржыландыруға байланысты көптеген мәселелер бар екендігін айтты. Алдағы уақытта мектептер де осы жүйеге көшсе тағы да қиындықтар орын алатынын ескертті. Мұнан соң халық қалаулысы көптеген адамдарды мазалап жүрген түйіткілді сұрақты қойды.
«Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыруға ай сайын қаржы аударып отырған аудандағы мекемелердің қызметкерлері неліктен жыл сайын өтетін медициналық тексеруге қалтасынан ақша төлейді? Бұл қызмет түрі ақылы болатын болса ай сайын не үшін айлығының бір бөлігін аударып отыр?» – деді облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп.
Облыстық мәслихат депутаты, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин Өтеев баға тұрақтылығы мен мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелерін көтерді.Басқосуға қатысқан «Намыс құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулі, «Жылу ХХІ» ЖШС директоры Көпжан Бижанов, «Қазалы Строй Сервис» ЖШС директоры Әділбек Сарабеков мемлекеттің сатып алу конкурсындағы кемшіліктер мен олқылықтар туралы айтып берді. Құрылыс саласында жұмыс істейтін серіктестік басшыларының айтуынша, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып бір құрал-жабдығы жоқ мекемелер танылып жататынына қынжылыс білдірді. Сондай-ақ, көп жағдайда құрылыс мекемелері жеңімпаз атану үшін бағаны 40-50 пайызға дейін түсіріп жіберетінін айтты. Мұндай жағдайда құрылыс нысанының сапасы болмайтынын бірауыздан айтты.
Құрылыс мекемелерінің басшылары Сенат депутатынан осы мәселелерді шешуге көмектесіп, Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуін сұрады.
Өз кезегінде Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы көтерілген мәселелердің барлығы маңызды екенін жеткізіп, міндетті түрде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығын тиісті орындарға жеткізетінін тілге тиек етті. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты айтылғандардың барлығын тағы да әріптестерімен пысықтап, заңды жетілдіру үшін ұсыныстар айтатынын жеткізді.
Сенат депутаты Қазалы ауданына сапары кезінде Әйтеке би кентінде салынып жатқан Жалаңтөс батыр ескерткіші мен «Аймақаш» мөлтек ауданында салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің «Қарлаң» учаскесіндегі қалқымалы көпірге барып, мән-жаймен танысты. Мұнда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осы маңнан салынатын темір-бетон көпірінің жоба-сметалық жобасы дайындалып, сараптамадан өткізілгендігін жеткізді. Көпір құрылысын салу үшін 4,4 млрд теңге қаржы қажет.Сенатордың Қазалы ауданындағы сапары «Жалаңтөс батыр» ЖШС егістік алқабында аяқталды. Егістік басында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Мұрат Бақтиярұлына Қазалы ауданы бойынша егілген күріштің көлемі мен биылғы жылы су тапшылығына байланысты атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Егістік басында «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры Қасқырбай Әлімбай, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин Өтеев, «Кіші Абай» шаруа қожалығының жетекшісі Әнес Дидаров егін және мал шаруашылығын дамыту жөніндегі ұсыныс-пікірлерін білдірді.
23 тамыз 2021 ж. 338 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031