Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы қаласында әз-Наурыз тойланды

Қазалы қаласында әз-Наурыз тойланды

Қазалы қаласының халқы Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін тойлауда. Жұртшылық орталық алаңға ерте бастан жиналып, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты. Түрлі тақырыптағы киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ қала өнерпаздары көрініс қойып, ән шырқап, би биледі.
Мерекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет арнайы барып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Қазалы қаласының өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мен ұжымдарды «Алғыс хатпен» марапаттап, шынайы ризашылығын жеткізді.
Мерекелік шаралар барысында аудан әкімі мен бірқатар зиялы қауым өкілдері және ардагерлер кішкентай бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсіміне қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
Ұлыс ұлы күніне арналған шара соңы қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиылған көпшілік мерекелік көңіл-күйді сезінді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
21 наурыз 2024 ж. 204 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930