Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық рестораторларға кальян үшін айыппұл салу ұсынылды

Қазақстандық рестораторларға кальян үшін айыппұл салу ұсынылды

Фото:depositphotos.com
Қазақстанда кальян сататын мейрамханаларға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде кальянды мейрамханалар мен түрлі барларда сатылып жатқанын білеміз. Бұл мәселе бойынша Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айппұл сомасын көтеру ұсынылып отыр. Сондай-ақ заңға жаңа нормалар енгізілмек. Яғни қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Алайда рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында сататын кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз", - деді Гүлнар Сәрсенбаева Сенат кулуарында.
Оның айтуынша, жаңа норма аясында айппұл сомасы артып, кәсіпкерлердің жауапкершілігі күшейеді.
14 наурыз 2024 ж. 185 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 148

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930