Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар зейнетақысын қандай ауруларды емдеуге қолдана алады: Қаражатты алу жолдары айтылды

Қазақстандықтар зейнетақысын қандай ауруларды емдеуге қолдана алады: Қаражатты алу жолдары айтылды

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнара Сәрсенбаева зейнетақының бір бөлігін қандай медициналық қызметтерге қолдануға болатынын айтты.

"2021 жылы 15 ақпанда емделу үшін бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесі бекітілді. Медициналық қызмет түрлерінің тізіміне қымбат қызметтер кіреді. Олар:
- Ауыр науқастарды емдеу, оның ішінде оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеулер жүргізу;
- Стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
- Oперациядан кейінгі олқылықтар мен туа біткен ақауларды емдеу, организмді қалпына келтіру үшін жасалатын бірқатар қызмет түрлері;
- Радиохирургиялық емдеу;
- Протонды терапия;
- Офтальмологиялық қызметтер;
Бұл тізім халықтың қажеттіліктерін ескере отырып өзгеруі мүмкін", - деп атап өтті маман.
Оған қоса, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін медициналық қызметке қолдану үшін не істеу керек екені де белгілі болды.
Ол үшін алдымен БЖЗҚ-дан бір реттік зейнетақы төлемінің қол жетімді екені туралы ақпарат алу қажет.
- егер біржолғы зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі қаражатты емдеу үшін пайдалануға мүмкіндік берсе, онда азамат тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға хабарласып, медициналық комиссиядан жолдама беру туралы қорытынды алуы керек. Медициналық комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім шығарады.
- медициналық ұйымды таңдау кезінде ЭСҚ қолданатын азамат уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизация жасап, өзінің жеке шотын ашуы керек. Онда ол біржолғы зейнетақы төлемі туралы өтінішті толтыруы керек. Пайдалану мақсаты, медициналық комиссия қорытындысының сканерленген көшірмелерін, медициналық ұйыммен емдеуді ұсыну туралы келісімді ЭЦҚ-мен куәландыру керек.
- БЖЗҚ, уәкілетті оператордан электрондық хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің уәкілетті оператордан ашылған арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемін аударады.
- уәкілетті оператор алушы ұсынған құжаттарды тексереді және егер олар сәйкес келсе, олар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаражатты өтініш беруші таңдаған медициналық ұйымның шотына аударады.


19 ақпан 2021 ж. 2 355 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031