Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушы ойлап тапқан тың туынды

Оқушы ойлап тапқан тың туынды

Балалардың дарындылығын дамытуда ғылыми жобаның берері зор. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Мұны дана Абай Құнанбаев: "Адам баласынан адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады" деп дөп айтқан.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін қазір өте қажет. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Аудан мұғалімдерінің үздіксіз жан жақты ізденіспен жұмыс істеуінің нәтижесінде кез келген баланың бойындағы қабілетті ашуға мән беруде. Бұл ретте бірқатар жоба да қолға алынған. Соның қатарында Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясының оқушысы Қамбар Еламан да бар. Ол "Ұлттық дәстүрлерді бейнелейтін – Манга туындылары" тақырыбында ғылыми жоба жасаған.
Ұлттық құндылықтарға халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жататыны белгілі. Осы құндылықтарды кіші буынның бойына сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрді құрметтеуге баулуды ұстаздар өз мақсаты тұтқан. Осындай ұстанымды алға тартып, Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Нұргүл Балғараева шәкірті Қамбар Еламанмен жастардың арасында қазақы әдет-ғұрыпты қызықты идеямен ұсынуды жөн көрген. Соңғы жылдарда жапондық "Манга" жанрына жастар арасында ерекше қызығушылық байқалады.
– Қазіргі кезде "Манга" кез келген жанрда және аудиторияда еркін сөйлей отырып, анимациялық түрде әңгіме айтудың ең жақсы визуалды тәсілдерінің біріне айналғандығы рас. Ұсынылған ғылыми жобаның жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы нақты анықталған. Түсіндірмелі жазбада ғылыми жоба авторы IbisPrint графикалық редактор ортасында "Манга" жанрын бейнелеу тәсілдерін еркін мысалдармен бейнелеген. Орындалған ғылыми жобаның жастар арасында қажеттілігін айқындау мақсатында мектептің 280 оқушысына сауалнама жүргізілді. Онда "Манга" жанрына дейінгі және кейінгі жағдайды салыстыра көрсеткен. Нәтижесінде ұлттық дәстүрлі "Манга" жанры арқылы бейнелеу кезінде аудиторияның қызығушылығы артқандығын байқауға болады. Бұл жобаның келешекте маңыздылығын байқатты. Мұнда аталған жанрдағы жұмыстарды жасап ғана қоймай, оны веб форматта жариялаудың реттілігі ұсынылды, – дейді Нұргүл Балғараева.
Жастардың қызығушылығына арналған туынды авторы жобаны қолға алғандағы әсерімен бөлісті.

– Алғаш ұлттық құндылықтарымыз туралы манга жасауды ойлағанымда жаңа дүние ашқандай болдым. Әңгімем ұстазыммен бірге жастардың мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге деген қызығушылығын көтеру жайында басталды. Алдымен біз әртүрлі жолдарды қарастырдық. Кенет маған жаңадан ой келді. Ол – манга арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Бұл жанр мені әрқашан қызықтыратын. Одан ақпарат пен эмоцияларды жеткізудің үлкен мүмкіндіктерін көрдім.
Бірінші кезеңде тақырыпты зерттеп, мүмкіндіктерін талдау болды. Мен манга әлеміне еніп, оның табиғатын, сюжеттерінің ерекшеліктерін зерттедім. Бірте-бірте манганың сюжетіне ұлттық құндылықтар элементтерін кіріктіре бастадым. Қағаз нұсқасын жасай бастағанда осымен айналысқым келетінін сездім.
Манганың қағаздағы түпнұсқасы жасалғаннан кейін цифрлық нұсқасы бойынша жұмысымды бастап, өз идеяларымды жарыққа шығару үшін графикалық редакторды қолдандым. Содан кейін жұмысымды көбірек адамдарға қолжетімді ету үшін электронды кітап жасауға кірістім.
Жастар арасында жүргізілген сауалнамалар менің манганың шынымен де ұлттық құндылықтарымызға деген қызығушылықты оятатынын растады. Көптеген оң пікірлерді алып, сауалнама нәтижелерін көргеннен кейін қолға алған ісімнің мәнді екенін және қоғамға әсер ете алатынын сездім, – дейді Еламан Қамбар.
Еламан Қамбарұлының айтуынша, бұл жоба жай ойын-сауық құралы ғана емес, оның шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесіп, сондай-ақ білім беру мен мәдениетті сақтаудың қуатты құралы бола алатын бірегей туынды. Алдағы уақытта 11-А сынып оқушысы маңызды ісін дамытуды көздеп отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 наурыз 2024 ж. 234 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031