Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дарынды ғалымдарды қалыптастыру бағдарламасы құрылады

Қазақстанда дарынды ғалымдарды қалыптастыру бағдарламасы құрылады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Ғылым және жоғары білім форумында Қазақстанда ғалымдар көбейетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-премьердің айтуынша, ғалымдарды жүйелі қолдау ғылымды дамытудың басым бағытына айналуға тиіс. Осыған байланысты ғылыми қызметке бейім балаларды іріктеудің үздіксіз көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді тапсырды.

Мұндай жүйе қазірдің өзінде өнер саласында сәтті жүзеге асырылып жатыр. Болашақ режиссерлер мен музыканттарды дайындау орта мектеп қабырғасынан басталып, мамандандырылған колледждер мен жоғары оқу орындарында жалғасады.

Ғылыми-зерттеу әлеуеті зор ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін таланттарды жинау бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Сонымен қатар шетелден келген қазақстандық дарынды ғалымдар тізімінің ақпараттық базасын құруды жеделдету қажет.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда ғылыми кадрлардың тапшылығы апатты жағдайда екенін айтқан еді. Тәуелсіздік алған кездері 52 мыңға жуық ғалым болса, қазір ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының базасында 22 мың адам ғана еңбек етіп жатыр.
25 тамыз 2022 ж. 573 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031