Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алғаш рет тек қана ғалым әйелдерге берілетін марапат тағайындалды

Қазақстанда алғаш рет тек қана ғалым әйелдерге берілетін марапат тағайындалды

Фото: Pexels
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғимаратында салтанатты іс-шара өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші ғалым әйелдер қатысты. 
Ғалым әйелдермен кездесу офлайн/онлайн форматында өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұлттық ғылым академиясының Президенті А.Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жылдар бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, дәстүр бойынша осы мереке аясында нәзік жандардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өтуді қамтиды.
А. Күрішбаев ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екендігін және ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайтынын атап өтті.
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы салтанатты жағдайда Құрмет грамотасымен марапатталған ғалым-әйелдердің еңбегін бағалап, отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды.
07 наурыз 2024 ж. 147 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031