Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » SIM-карталарды Face ID арқылы қосу жүйесі енгізілуі мүмкін

SIM-карталарды Face ID арқылы қосу жүйесі енгізілуі мүмкін

Фото: pixabay
Қазақстанда жаңадан сатып алынған SIM-картаны Face ID арқылы қосу жүйесі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәжіліс «Киберқылмысқа қарсы күресудің өзекті мәселелері» туралы комитеттің тақырыптық отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов депутаттың байланыс нөмірлерін сатуға шектеу енгізуге қатысты ұсынысына жауап берді.

Менің білуімше, телекоммуникация комитетіндегі әріптестерім бұл сұрақты бұған дейін де көтеріп, байланыс операторларымен талқылаған. Сол кезде байланыс операторларды бұл ұсынысты қолдамаған. Бірақ ол кезде де біз мысалы, бір адамға 5 нөмір беру керегін ұсынған едік. Ал қазір басқа тәсілді ұсынып отырмыз. Яғни SIM-карталарды биометрия жүйесін қолдану арқылы қосу. Мысалы, азмат 1000 SIM-карта сатып алды делік, бірақ ол нөмірлер биометриялық сәйкестендіруден өткенде ғана қосылады. Яғни сол сәйкестендіруден өткеннен кейіп барып нөмір жұмыс істейді, - дейді комитет басшысы.

Сөзінше, сәйкесінше кімнің атына қандай нөмір тіркелгені де сол кезде белгілі болады.

Біздің ойымызша, осы тәсіл дұрысырақ сияқты. Ешқандай шектеу де болмайды. Өйткені қандай да бір шектеу болған кезде өзінің атына тіркелген 5 “симканы” біреуге сатып жіберетін азаматтар да табылады. Өздеріңіз білетіндей, бізде өте іскер азаматтар бар, - деп түсіндірді Руслан Әбдіқалықов.

Ол бұл ұсыныс қазір министрліктер қаралып жатқанын атап өтті.

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Цифрлық даму министрлігі өкілінің берген жауабына көңіл толмай, ойын қоса кетті.

Менің түсінбей отырғаным, неге біз операторлардан ақыл сұрауымыз керек. Халықтың миллиардтап зардап шегіп отырғанын көріп отырмыз. Операторларға неге біз ұсыныс айтуымыз керек? Біз шешім қабылдауымыз қажет. Әрине оларға SIM-карталарының өткені, көптеп сатылғаны тиімді. Сол себепті олар қарсы болады. Face ID-ден өту керек деп отырсыз. Қазір жасанды интеллект деген дүниемен тек адамның түр-келбетін ғана емес, сонымен бірге дауысын және басқа да қасиеттерін көрсете салу білікті IT-мамандарына, тіпті орта білімді IT-мамандарына түкке де тұрмайды. Оны да айналып өтіп кетеді, - деп айтты депутат.

Жарқынбек Амантайұлы байланыс операторларынан ақыл сұрамай, өз шешімімізді қабылдау керегін ескертті.
04 наурыз 2024 ж. 166 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930