Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ақпараттық жүйелердің иелері тексеріледі

Қазақстанда ақпараттық жүйелердің иелері тексеріледі

Ақпараттық жүйе иелерін азаматтардың жеке деректерінің тарап кету-кетпеуіне қатысты тексереді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтты, деп хабарлайды baq.kz
Бұған дейін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.
Қолданыстағы заңнама жеке деректерді қорғайтын ережелерді қарастырады. Мәселе заңның жеткіліксіздігінде емес, заң талаптарының толық және дұрыс орындалмауында. Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі әріптестеріміз қазір дербес деректердің «жылыстап» кетуіне қатысты талдауды аяқтады. Сонымен қатар бұл бір ғана тарап кету емес, әртүрлі уақытта және әртүрлі жүйелерден болған жылыстап кету тізбегі, - деп айтты комитеті басшысы.
Бүгінгі күні комитет ҰҚК-дегі әріптестерінен қосымша ақпарат күтіп отыр.
Енді біз егжей-тегжейлі ақпарат алуымыз керек және мемлекеттік бақылау жұмысын бастаймыз. Ақпараттық жүйелердің иелеріне барып, тарап кетудің бар-жоғын тексереміз. Бұл жұмыс туралы қосымша ақпарат береміз, - деп түсіндірді Руслан Әбдіқалықов.
02 қазан 2023 ж. 289 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930