Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақтелеком» құрамынан Kcell ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін

«Қазақтелеком» құрамынан Kcell ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов «Қазақтелеком» құрамындағы қай ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазір «Қазақтелеком» компаниясының құрамында екі ұялы (Kcell/Аctiv және «Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)») байланыс операторы бар. «Қазақтелеком» құрамындағы екі ұялы байланыс операторының біреуін шығару ескерілген. Менің білуімше, Kcell-ді шығару бойынша инвесторлармен келіссөз жасалып жатыр», - деді Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Бұл тұрғыда ол нақты қай инвестор келетінін жариялай алмайтынын жеткізді.
Айта кетейік, былтыр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелеком» құрамынан бір ұялы байланыс операторы шығарылатынын мәлім етті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін.
Биылдың аяғына дейін 5G жиілігін сатуға арналған аукцион өткізу жоспарлан. Егер осы аукционда басқа инвестор жеңімпаз атанса, онда жаңа оператордың пайда болуы мүмкіндігі бар.
11 тамыз 2023 ж. 266 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031