Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аттестация төңірегіндегі түйін

Аттестация төңірегіндегі түйін

Фото: ашық дереккөзден 
Соңғы күндері педагогтарды аттестациялауға енгізілетін өзгерістерге байланысты түрлі пікір айтылып жатыр. Заңнамадағы өзгерістерді екшелеу үшін өзім де танысып шықтым. Сондағы түйгенім – аталған талап ұстаздарымызды дамытуды, білімін жетілдіруді, құқықтық біліктілігін арттыруды көздейді.
Неге екеніне тоқталайын. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алып жүрген балақайлар – еліміздің ертеңі, келешегі дейміз. Ал келешекте мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмас үшін оқушылар сапалы білім алуы керек. Ұстаздарымыз өзінің саласына байланысты оқушыларға күнделікті айтып жүрген ақпарат-білімін тест арқылы дәлелдеуден тартынбасы анық.

Бұрын білікті ұстаздар жалақының мардымсыздығынан бос уақытында балаларды ақылы оқытатын болса, бүгін жағдай түзелді. Десек те, репетиторға баратын балалар аз емес. Бұған кейбір мұғалімдер алдындағы балаға толыққанды білім бере алмай отырғаны себеп болуы мүмкін екенін жасыра алмаймыз. Сондықтан ұстаздардан өзін-өзі жетілдіруін талап ететін тәртіп аталған мәселенің түйінін тарқатады деп ойлаймын.

Ал директор орынбасарларының тест тапсыруы заман талабынан басқа ештеңе емес. Білім қызметкерлері жақсы біледі, ата-аналар, тіпті оқушылар тарапынан арыз-шағым жиілеп кететін сәттер болады. Заң талаптарын білмегеннің салдарынан ұстаздардың мәртебесі талай рет текке төгілді. Алайда өзі жауапты саланың тамырына қан жүгіртіп отырған мамандарымыздың құқықтық тұрғыда сауатын дәлелдеуі өзіне, әрі-беріден кейін әріптестерінің құқығы тапталмауына демеу болары даусыз.

Қадірлі ұстаздар қауымы! Аталған өзгеріс бізден білікті, өз ісінің маманы болуды, балаларды қалай тәрбиелеп жатқанымызды дәлелдеуді ғана сұрап отырғанына зер салайық. Балаға білім беру үшін өзіміздің біліміміз биік, толыққанды болуы маңызды.


04 наурыз 2024 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031