Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулысы БАҚ өкілдерімен кездесті

Халық қалаулысы БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін партияның аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, №8 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ерболат Мұхаш БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Халық қалаулысы депутаттық мандат алған кезеңнен бастап атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ең алдымен партияның сайлауалды бағдарламасының өткен жылы ауданда жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Сондай-ақ өзінің сайлаушыларға берген сайлауалды уәделерінің бүгінде қалай іске асып жатқанын айтып берді. Солардың бірі Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов көшесіне жаяу жүргінші жолының жүргізілуіне жоба сметалық жұмыстарын әзірлеуге қаржы мәселесі шешімін тапқан.

Ал БАҚ өкілдері халық қалаулысына қарасты аумақтарға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда аяқ су каналдарын
балалардың қаупісізідігі үшін қоршау, Жанқожа 3 км көшесіндегі жаңа тұрғын үй аумақтарында интернеттің әлсіздігі сынды сауалдарын қойып, жасалып жатқан жұмыстар бойыша оң пікірлерін білдірді.

Тиісінше аманаттық депутат барлығы тікелей назарындағы мәселелер екенін айтып, орындалуы бойынша жұмыс жасап жатқандығын жеткізді.

#AMANAT
29 ақпан 2024 ж. 238 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930