Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті


Жұртшылықтың сенімін арқалап, халық қалаулысы атану оңай емес. Ел өз борыштары мен міндеттерін түсінетін, халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін іске асыра алатын белсенді депутаттарға үлкен сенім артып отыр.

Қазіргі таңда Қазалы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы іс-шараларды жүзеге асыру мен сапалы орындалуын қадағалауға, сайлаушылармен кездесіп талап-тілектер мен ұсыныстарды тиісті орындарға депутаттық сауал ретінде жолдап оң шешім табуына, партияның түрлі бағыттағы жобаларын іске асырумен қатар халық қалаулысы ретінде атқарған жұмыстары туралы кездесулер, көшпелі қабылдаулар өткізу жұмыстарын жасап, сайлаушылардың мұң-мұқтажын, түйінді мәселелерін шешуге атсалысып келеді.

Осы орайда бүгін аудандық оқушылар үйінде облыстық мәслихат депутаты Тілеп Ибайдулла Тілепұлы, аудандық мәслихат депутаты, «ВЧД-6» бастауыш партия ұйымының төрағасы Орымбаев Арғын Қайрбайұлы сайлаушылармен кездесу жасады.

Жиын барысында халық қалаулылары алдымен атқарған жұмыстары, көтерген мәселелері, жолдаған сауалдары туралы хабардар етіп, сайлауалды бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан және алда атқарылар жұмыстарды баяндады. Бұдан соң тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
#AMANAT
16 қазан 2023 ж. 407 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930