Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет: жылдамдық желмен жарыспайды

Интернет: жылдамдық желмен жарыспайды

Әлі есімде. Бала күнімізде алыстағы ет-жақынмен телеграм арқылы хат алмасып, хабарын біліп отырушы едік. Қазіргі емес, бұрынғы сарғайған қағаз бетіне жазылып, қолыңа шынайы тиетін телеграм. Тіпті Алматыдан қонақтап келетін ағамыздың да сапарға шыққанын 2-3 күн бұрын осы хат арқылы біліп, күтіп алатынбыз. Бүгінде туған-туыспен жердің қай шетінен де еш қиындықсыз бір мезетте хабарласуға мүмкіндік бар. Интернет желісі дамығаны соншалық әлемдік коммуникационды инфраструктураның, адамзаттың маңызды бөлшегіне айналды десек қате айтпаймыз. Себебі жалғыз жұмысымызда ғана емес, күнделікті өмірде де басымдылық алған. Бірақ бүгінгі мақалада қаузар тақырыбымыз интернет төңірегінде болса да, бұл жайында емес. Екпінді өзге елдермен салыстыра отыра, елдегі интернет жылдамдығы, оның әл-ауқаты мен мүмкіндігіне қоймақпыз.
Елімізде интернет аяқ алғанда телекоммуникация саласында ұлттық операторды құру мәселесі туындап, 1994 жылы "Қазақтелеком" ҰАК компаниясы құрылды. Содан бері ҚР-дағы барлық дерлік ұялы оператор, үй-жұмыс телефонымен қатар интернет желілері аталмыш компания иелігінде. Яғни, тікелей қадағалауында. Бірақ шынын айту керек, елдегі интернет көңіл көншітпейді. Оған дәлел жыл сайын жасалатын интернет жылдамдығы бойынша рейтинг болса керек. Онда барлығы 64 ел бар болса, соның ішінде Қазақстан 60-орында тұр. Яғни, интернеті нашар елдер қатарында.
Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары интернет жылдамдығы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың негізгі параметрлерінің бірі екенін атап өткен.
"Қазақстан 2023 жылғы IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34,2 Мбит/с-пен интернет өткізу қабілетінің жылдамдығы бойынша 64 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды. Жалпы алғанда, соңғы 5 жылдағы интернет өткізу қабілеттілігінің баяу өсуіне байланысты бұл көрсеткіштің теріс динамикасын атап өткен жөн", – делінген мәлімдемеде.

Иендегі ауылдарға интернет жете ме?
Қазіргі таңда елдегі күрделі мәселелердің бірі – ауыл-аймақтарға интернет тарту, оның жылдамдығын реттеу болып отыр. Статистикаға сүйенсек ҚР бойынша цивилизациядан қалыс қалып, дамуы кешеуілдеп келе жатқан мыңдаған ауыл бар. Аталмыш мәселе Қазалы ауданын да айналып өтпеген. Бүгінге дейін Шәкен, Қарақұм, Аранды, Тасарық сынды тағы басқа ауылдарда интернет желісі тым нашар. Тіпті мобильді интернет провайдерлерде мардымсыз. Ауылдың бір шетінде бәз баяғы билайн әрең дегенде 4G ұстаса екінші бір жерінде 3G-ға да зәру болып отырған ағайын көп.
– Жуырда Аранды қырда болып қайттым. Мұнда тұрғындардың бетпе-бет келіп отырған ауылішілік жол, жарық желісінің әлсіздігінен басқа интернет жайы да мәз емес екен. Мобильді актив, теле2 сынды операторлардан мүлдем пайда жоқ. Сол баяғы билайн ғана мәнтті ұстайды екен. Оның өзі мәз емес. Әрине кент орталығының өзінде мықты деп айта алмаймыз, бірақ кәнігі ватсап желісі арқылы әшейін хабарлама оқи алатындай жылдамдық та жоқ мұнда. Бір қалыпты ұстау үшін бұрынғыдай биік төбеге көтерілу қажет болады. Телекоммуникация дамып, алға үлкен мақсаттар қойып отырған біздер үшін бұл – өрескелі қате деп ойлаймын, – дейді кент тұрғыны А.Оңғаров.
Ұялы байланыстың жоқтығы, интернеттің жылдамдығының төмендігі тұрғындардың әлеуметтік жағдайына, өз міндеттерін ойдағыдай атқаруына, жұмыстарын құлшына істеуіне, балаларының тиісті деңгейде білім алуына кері әсерін тигізіп жатқаны анық. Бәрін айт та, бірін айт, цифрландыру деген жақсы бағдарламаның ауылға қашан жететінін айт деп жатқан ауыл тұрғындарының тілегін интернет желісі мен ұялы телефонды жеткізетін тиісті орындардың басшылары назарға алады деп ойлаймыз.

Тас жолда байланыс жоқ
Үлкен тас жолымен алыс-жақын жерге жол жүріп көрген болсаңыз, мұндағы мәселемен жақсы таныс боларсыз?! Олай болмаса, оқи отырыңыз. Үлкен жолда кездесетін көптеген қиындықтар, күрмеулі мәселелер бар. Соның біріншісі – тас жолды тарлығы болса, екіншісі – ешбір байланыс операторының жоқтығы. Яғни, желінің ұстамауы. Аталмыш мәселе әсіресе Сыр өңірінде шешімін таппай келеді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осы мәселеге қатысты жауап берген. Оның айтуынша, байланысы, интернеті реттелген жолдар көрсеткіш 25-ақ пайыз. Енді мобильді операторларды салықтық жеңілдік беру арқылы ынталандыру көзделеді. Алға қойылған жоспар "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында жүзеге асады. Министр алдағы 2027 жылға дейін мыс кабельдері толық оптикаға ауыстырылатынын айтты. Тиісінше, мәселе де кабельдердің ауысуымен шешімін таппақ. Алайда бұған кәміл сенгендерге қарағанда күмәнмен қараушылар көп.
– Мен көбіне осы тас жолдамын. Яғни, "фурамен" Алматы, Шымкент, Қызылорда бойынша жүк тасимын. Техника болған соң, бұзылу, жөңгелектің жарылуы сынды кедергілермен көптеп кездесіп жатамыз. Сондай кезде үлкен жолда байланыстың жоқтығынан ешкіммен хабарласа алмаймыз. Тіпті төтенше жағдай орынарына да шығу қиынға соғады. Сондай күндердің бірінде аязда қалып қойғанымыз бар. Қуанышымызға орай, қырғызстандық жүк көлігінің көмегімен ретін тауып, аман-есен жетіп алғанымыз бар. Бұл мәселенің биыл немесе 4-5 жылдықта шешімі табылады дегенге сенбеймін. Өйткені жол түгілі облыс, қала, аудан орталықтарында әлі де реттілігін таппаған интернетті жол бойында дұрыстайды деу миға қонымсыз, – дейді жүргізуші Азамат Берікұлы.
Иә, расымен тар жол тайғақ кешіп жүрген жүргізушілерге байланыс мәселесі өзекті болып тұр. Әзірге, "Үмітсіз шайтан ғана" демекші, министр сөзіне сеніммен қарамасқа амал жоқ.

Тарифтер төмендесе, сапаға сын болмас еді...
Байқасаңыз, соңғы екі жыл ішінде барлық ұялы байланыс, интернет операторларының тарифі қымбаттап, қалтаға соғып тұр. Бір өкініштісі сол, тариф өсімі сапаға түк те әсер етпейді. Мамандардың айтуынша, оның өсуіне желі пайдаланушыларының бір жылдағы өсімінің көбейіп кетуі болып отырған көрінеді. Тағы мұнара салу, ескілерін жөндеуден өткізу мен интернет сапасын реттеу сынды жұмыстары да тұралап қалмасы үшін жасалып жатқан дүние екен. Одан бөлек, сапаның нашарлығынан үкіметтің салып отырған айыппұлы да жүздеген миллион болып отыр. Бірақ сапа бұрынғы қалпынан нашарламаса, әлі реттелмеген. Әлеуметтік желіде осыған орай, наразылығын айтып, үндеу жасап жатқан жандар көп. Солардың бірі – Әсет Жалайыров.
– Шынын айту керек, Қазақтелеком, басқа да ұялы байланыс операторлары елді тонап отыр. Тарифтер жыл сайын өседі, бірақ оған лайықты қызмет көрсетілмейді. Жылдамдық тым бәсеңсіп кеткен. Мәселен, мен Қазақтелекомда ай сайынғы 5 мың теңгелік тарифті пайдаланып келдім. Кешегі жылы бағасын 7 мың теңгеге көтерді. бірақ оған лайықты жасалып жатқан қызмет жоқ, ал жылдамдық тіпті жайлап қалды. Белгілі Speedtest.net сайты арқылы жылдамдық тексерсем, бар болғаны 3 Мбит/с болып тұр. Салыстырып қарасам, менің телефонымдағы 2500 теңгелік актив жылдамдығынан да жәй. Бұлай қашанғы жалғаса бермек? Құзырлылар қашан қолға алады екен? – дейді Ә.Құрманұлы.

Қазақтелеком бәсекеге қабілетті ме?
Жуырда әлеужеліде жезқазғандықтар елді шулатты. Онда бір топ азамат шетелден әйгілі Иолн Маскке тиесілі Starlink интернет табақшасын тапсырыпен алдырып, оны қаладан 270 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл маңында сынады. Нәтижесі барша қазақстандықтарды таңғалдырды. Онда желі жылдамдығы 180Мбит/с-ні көрсетті. Жалпы Қазақстанда интернет жылдамдығы 34,2 Мбит/с құрайтынын ескерсек, бұл – алты есеге артық болып отыр. Starlink-тің бір айдағы төлемі 100 АҚШ долларын құрайды. Оның тағы бір ерекшелігі бір шағын спутник табақшасы 1 ауылды еш қиындықсыз қамтамасыз ете алады. Себебі Starlink компаниясының жер орбитасында интернет жылдамдығын реттеуі үшін 6 мыңнан астам суптнигі ұшырылып, қалтқысыз қызмет етуде. Бір өкініштісі сол, Starlink ҚР аумағында ресми түрде рұқсат етілмеген.
Мұның себеп-салдарын іздеп желіні ақтарған едік, өткен жылы журналист Арманжан Байтасовтың Youtube арнасына сұхбат берген цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Starlink спутнигі туралы сауалға жауап беріпті.
Бағдат Мусиннің айтуы бойынша, Илон Масктың интернет жүйесіне қосылып, оны сапалы түрде пайдалану халық арасындағы қате түсінік.
– Starlink – төмен орбиталық спутниктік топтар, ол Қазақстанда өз сервисін ұсынуы үшін Қазақстанның аумағында шлюз станциялары салынуы қажет. Мұнсыз Starlink арқылы интернетке қосыламын деу қате түсінік. Себебі шлюздер болмаса интернеттің сапасы төмен болады, – дейді министр.
Мусин Starlink-пен келіссөз барысында салыққа байланысты мәселе туындағанын айтты. Себебі заңнамадағы салық кодексіне байланысты Starlink Қазақстанға ешқашан кірмейтінін хабарлаған.
– Бізде келіссөз кезінде салық жағынан мәселелер болды. Сол үшін олар біздің елге өз сервисін ұсынбауы мүмкін еді. Себебі біздің заңнамада жазылған салық есептеулеріміз, төмен орбиталық спутниктік топқа бейімделмеген. Ендігі біз оны түзеттік, бұдан кейін бәрі оларға байланысты. Әрине, олар біздің елге міндетті түрде келеді, Starlink жыл соңына дейін қашан сервисін ұсынатыны жөнінде жауап береді, – дейді министр Бағдат Мусин.
Министрдің хабарлауынша Қазақстанда тұрғылықты жеріне байланысты интернет жүргізу өте қиын 500-ге жуық ауыл бар.
– Елімізде 6400 ауыл бар, олардың 500-іне интернет жеткізу өте қиын аймақта орналасқан, кейбірінде адам саны азайып бара жатыр. Яғни болашақта бұл ауылдардың кейбірі болмауы мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз мұндай елді мекендерге төмен орбиталық спутниктік топтардың көмегімен интернет жүргіземіз, – дейді Мусин.
Десек те, жезқазғандықтардың тәжірибесіне қарап, министр сөзін жоққа шығаруға болады. Себебі шлюз станцияларынсыз-ақ жоғары жылдамдық көрсетіп тұр. Мұны "Қазақтелекомның бәсекелесе алмайтынын біліп, әдейі жасалып отыр", – дейді сарапшылар.
– Илон Масктің төрткүл дүниеге пайдасы тиер құрылғы, небір заттар жасап келе жатқанын көзіміз көріп отыр. Бір ғана Tesla-ны мысал етер болсақ, оның тоқпен жүріп, мұнайдың өтімі төмендейтінінен сақтанғандар бірнеше жыл бойы қарсылық білдіріп келген. Starlink-те дәл солай. Егер елде емін-еркін орнатуға мүмкіндік туса, Қазақтелеком қолданушылары қалмайтыны анық, – дейді Арман Бигелдиев.

Серік АҚМЫРЗА
25 ақпан 2024 ж. 243 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031