Қадірлі кісі қартаймас

Мұнан соң сахна төрінен орын алған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов Кенжебай Мақсатбайұлына жылы лебізін білдіріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын табыстады.
– Сіздің шығармашылығыңыз өнер жолынан өз орынын тауып, Тәуелсіз мемлекетіміздің мәдени күш-қуатын еселеп келеді. «Лақалы» ЖШС директоры лауазымында кәсіпкерлік қызметін дамытуға, жұмыспен қамту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға айырықша атсалыстыңыз. «Арал балық» инспекциясының бас маманы ретінде де су айдындарын сақтау, балық шаруашылығын қолдау бағытында маңдай теріңізді төктіңіз. Елдің берекесіне жанашыр болдыңыз. Қазақ «қадірлі кісі – қартаймас» дейді. Еңбекпен тапқан абыройыңыз, елдікті ойлаған пейіліңіз арқылы сіз өнегелі жолыңызды қалыптастырдыңыз. Мерейлі мезетте сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыңызға бақ-береке тілеймін, – деді ол.
Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан жиында Кежебай Мақсатбаевтың «Сүйген жарға», «Қимаймын», «Жалғыз аққу», «Жайлауда» әндері орындалып,мәдениет майталманының көрсетілген құрметке алғыс білдіруімен қортындыланды.
Жанна МИХА