Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есім қоюда еліктемейік

Есім қоюда еліктемейік

Шаңырақты шаттыққа бөлеп, сәби дүниеге келгенде ең басты салттың бірі – оған есім беру. Қазақ бұрындары ауыл ақсақалдарына, елдің құрметті, абыройлы азаматтарына, аузы дуалы жандарға ырым етіп, нәрестесінің атын қойғызған.
Бұл дәстүр қазір де бар. Баланың өмірге келуі, оның есім иеленуі әр отбасындағы елеулі оқиға, үлкен той.
Дегенмен, бар мәселе, яғни, балаға ат қоюдан басталады. Өйткені бүгінде бұрынғыдай ат қою салтына аса мән бермейтіндер көп. Жас ата-аналар ата-әженің қойған атын жақтырмай, өз талғамдарын дұрыс санайды. Қазір теледидардан, газет беттерінен жаңа туған сәбилерге қойылып жатқан кейбір есімдерді естігенде есіңнен танасың. Ал енді біріне күлкің келеді. Мәселен, қайбір жылдары Саммитхандар мен Азиадалар дүниеге келді. Еліктегіш ел екенімізді есім қоюда тағы бір рет дәлелдейміз. Себебі, бізде Адина, Аделья, Сабина, Марина, Жанна есімді қыздар мен Данил, Тимур, тіпті Роберт атты ұлдар да бар. жақында Оңтүстіктің бір тұрғыны баласына Бәйдікэкспо деп ат қойып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Не күлерімізді, не жаға ұстарымызды білмей қалдық.Қазақ неге қазақылықтан қашады? Неге қазақша ат қою азайды. Өйткені, "Өзім білеммен" жүретін жастар өзінікін құптайтындай. Бұлай жалғаса берсе, бара-бара бір жылдары қазақ деген ел болғанымен қазақша есімді адамдар саны саусақпен санарлық болып қалатындай.
Ырым-тыйымы қатар жүретін қазақ үйде бала тұрмағанда Тұрсын, Тұрсынгүл, ылғи қыз бала болып, ұлға зар болғанда Ұлту, Ұлболсын, Ұлтуған деген есімдерді берген. Өзге ұлт өкілдерінің атын көз тимесін деген мақсатпен ғана қойған. Қалдыгүл, Қалдыбай есімдері не үшін қойылғаны айтпаса да түсінікті.
Баласының болашағына үміт артып, өскенде осы кісілердей болсын деп танымал ақын, жазушылардың, батырлардың, тарихи тұлғалардың есімін, ақылына көркі сай сұлу бойжеткендердің атын үлкен ниетпен нәрестесіне қойған.
Қазіргі есімдер естір құлаққа әдемі болғанымен мән-мағасы жоқ.
Бірде "Хабар" агенттігінің жаңалықтарында үш қазақ қызына француздың Жозефина есімі берілгендігін естігенім бар. Бізге Напалеонның сүйіктісінің аты неге керегі бар. Сол француздардың қыздарына Тоғжан, Айжан деп ат қоймайтыны анық. Егемендігіміз жоқта жолдан тайғанымыздың жөні бөлек десек, қазір шүкір Тәуелсіз елміз. Басқаға жалтақтаушылық, еліктеушіліктен арылайық, ағайын!
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

18 ақпан 2024 ж. 127 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031