Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есімі ерекше әулет

Есімі ерекше әулет

Елімізде ерекше оқиғаларды айшықтайтын есімдер жиі кездеседі. Ең қызығы, Саммит, Экспо, Азияда тіпті аты жаман ауру белең алған шақта Ковидбек деген ныспылар да жаңа туған нәрестеге жиі қойылып жатты. Одан бөлек, баласына өз тағдырындағы айтулы күндердің құрметіне де есім қойған ата-аналар да кездеседі. Солардың ішінде Сайлаубаевтар шаңырағы айрықша есімдерімен ерекшелендеі.
Осы әулеттің отағасын Сайлаубай деп атайды. Оған себеп ата-анасы саяси науқан кезінде ұлды болған соң қуаныштан оның есімін солай қойғанды жөн көріпті. Таңқаларлығы, құдай қосқан өосағының есімі Сайлаугүл. Ол да сол қарбалас сәтте дүние есігін ашқан екен. Осылайша тағдырдың жазуымен қызықты қос есім бірін-бірі кезіктіріп, отау құрады. Бәрі осыдан басталған.
Бірнеше жыл тату-тәтті өмірден соң, олар екі нәрестені дүниеге әкеледі. Олардың үшінші баласы өмірге келген сәтте отағасы оған ерекше есім қоюды ұйғарады. Сол тұста Сайлаубай ақсақал үлкен бір мамандық иесі атануының құрметіне есімін Маман деп азан шақырып қойдырған.
Одан кейінгі төртінші ұлын Құрылысбек деп атапты. Оған да себеп Сайлаубай ақсақалдың құрылыс саласында қызмет етіп, елеулі жетістіктерге жеткен күніне деседі.
Бүгінде Маман мен Құрылысбек те атадан балаға жеткен ерекше есім қою ғұрпын жалғастырып келеді. Дәлірек тоқталсақ, Маманнан тараған 5 батырдың үшеуі Шындық, Заманбек және Жолдыбек деп аталады. Олардың әрқайсысының да ныспы алудағы қызықты оқиғалары бар.
– Ата-анамыздың айтуынша, негізі атам есім қоюда ерекше мән береді екен. Яғни, осы тағдыры мен маңызды сәттерге байланыстырып қойғанды ұнататын болған. Мәселен үлкен ағам Шындық өмірге келер шағында әдеттегі уақытынан ертерек, 7 айлығында келген. Қазақта шала туған баланы «Шалабай» сынды есіммен атайды деген бар. Алайда «Шалабайдан» аттап, Шындық деп қойған.
Екінші ағам дүние есігін ашқан сәтте елімізде Заманбек Нұрқаділов ағамыздың аты шығып, ел саясатында елеулі істер атқарып жатқан шағы. Атам екінші немересінің есімін осымен байланыстырып қойыпты.
Ал менің есіміме келер болсақ, өзіңіз пайымдақ отырғандай жолда дүниеге келгенмін. Негізі атам маған мүлдем басқа есім қойғысы келген. Аяғы ауыр анам отырған көлік Мәйті ата есімді бабамыздың бейітінің тұсынан өтіп бара жатқанда толғағы қысқан көрінеді. Сол себепті Мәйітбек деп қойғысы келген деседі. Алайда әкемдер бұл ныспының болашақта тағдырыма әсер етеді деген оймен атамды райынан қайтарған екен, – дейді Жолдыбек Сайлаубай.
Құрылысбек ағамыздың балаларына келер болсақ, бүгінде жұбайымен бір ұлы, бір қызын бағып-қағып отыр. Оның отабсында да тұңышының өмірге келуі Маман ағамыздың балаларындай қызықты жайтқа толы болыпты. Ауылдағы жағдайдың ыңғайы келмеген бе, әйтеуір Құрылысбектің жұбайының толғағы үйде қысып, Үйсін есімді батыр жылы ошақта дүние есігін ашыпты. Осылайша Сайлаубаевтар отбасы ерекше есім қоюды үрдіс етіп, жалғап келеді.
Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы, зор маңызға ие ұғым болып табылады. Сол үшін Сайлаубаевтар отбасына амандық, мызғымас ауызбіршілік тілейміз.

Серік АҚМЫРЗА
14 қаңтар 2023 ж. 628 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930