Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңір салудың өгейлігі жоқ

Өңір салудың өгейлігі жоқ

Қазақ халқы салт-дәстүргебай. Әрбір жөн-жоралғының мән-мағынасы, астарында үлкен ой жатыр. Әрбірініңорындалатын орны, уақыты, өз ережесі бар. Мәселен үйлену тойының өзін ғанаалатын болсақ, бірнеше сатыға бөлінген салт-дәстүр, рәсімдерден тұрады. Оныңәрқайсысы той барысында өз ретімен, орнымен орындалуы керек.
Біздің заманымызда ескілікте қалып қойғансалт-дәстүрлер де бар. Соның бірі – өңір салу жоралғысы.
Өңір салу – қазақ халқының көне дәстүрінің бірі.Бүгінгі күнге дейін сақталғанымен тек кейбір өңірлерде ғана орындалады.Саты-сатыға бөлінген той дәстүрлерінің ішінде бұл рәсім тойдан кейін өтеді.Келін түсірген үйге әулеттің үлкен-кіші әйелдер қауымы шашу шашып келеді. Өңірсалу кәде-сый беру жоралғыларының тізімінде. Салттың негізгі мақсаты – жасотауға қамқорлық жасап, сый құрмет көрсету, яғни аз да болса тұрмыстық жағдайғакөмек беру. Уақытында көбінесе тұрмыстық заттар, қыз балаға арналған бұйымдар,киім-кешек және тағы басқа дүниелер әкелінген. Өңірге – әркім өз қолында барын,жағдайы жететін затын апарады. Кей өңірлерде өңір салу – «есік ашар», «үйкөрсету» деп те аталып, дәл осы тәртіппен орындалады.
Бұл дәстүрге келгендерді үй иесі малын сойып қарсыалып, дастарқан жайып қонақ қылады. Рәсім соңында келіннің қайын жұртынанкелген қоржынынан сарқыт таратылады. Бұл баршаға жұғысты болсын деген ырымдыбілдіреді.
– Өңір салу қазақтың көне дәстүрі. Бүгінгі күнге дейінсақталмаса да кейбір аймақтарда осыған ұқсас шаралар өтіп жатады. Қазір өңірсалу салтынан гөрі, қыз жасауын беру кең дамыған. Бұл екеуінің ұқсастығы бар, –дейді көп балалы Гүлсім апа.
Жас келін Айжан да өңір салу дәстүрін жаңғырту керекдеп есептейді. Себебі оның жастар үшін пайдасы мол. Ол: «Қазақтың қай дәстүріналып қарасаң да, астары терең, тәрбиесі мол. Жас отбасы тезірек аяққа тұрыпкетсін, ел қатарына қосылсын деген ниеттен туған осындай дәстүрді жаңғыртып,жалғастыру керек», – дейді. Айжанның айтуынша, өңір салу дәстүрі жастардыңтұрмыстық қиындықтарға бола ажырасып кету сияқты проблемаларының алдын алады.
Сақталмаған салт-дәстүр туралы тоқсан ауыз сөзді өңірсалу – жас шаңыраққа құрмет және жәрдем деп түйіндесек болатындай. Соңғыуақытта үлкендердің өзі ұмыт қалдырған есті, ескі салтты жаңғыртқан жөн сияқты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

18 ақпан 2024 ж. 269 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031