Тақырыптық қабылдауда тұрғындар мәселесі тыңдалды
Бүгін аудандық партия филиалында жер телімдерін табыстау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша кезекті тақырыптық қабылдау өтті.
Қабылдауға келген зейнекер шаруа қожалықты кеңейту мақсатында Шәкен ауылдық округіне қарасты елді мекендерден шаруашылық жер алу мәселесімен жүгінді. Ал келесі өтініш иесі тұрғын үй құрылысын салу бойынша жер телімін алу тәртібін сұрады.
Аталған мәселелерге сәйкес аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов заң аясында жауап беріп, бөлім маманы Мерке Ысқаққа тиісті тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, қабылдауға аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рахметулла Ізтілеу мен Әйтеке би кенті әкімі аппартының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жарқын Боранқұлов қатысты.
#AMANAT
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат