Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдерге қатысты акция ұйымдастырылды

Жасөспірімдерге қатысты акция ұйымдастырылды

Аудандағы құқық бұзушылық пен жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу мақсатында күнделікті рейд жұмыстары ұйымдастырылып, түсіндірме жасалып келеді.
Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамының отырысы тұрақты өтіп отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов төрағалық ететін комиссияның кезекті шешіміне сәйкес мектеп оқушылары арасында «Ашық есік» күні акциясы ұйымдастырылды.
Соған сәйкес Қазалы қаласындағы №16, №17, №95 орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары аудандық полиция бөлімі ғимаратын аралап, жұмыстарымен танысты.
Аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры М. Бегалиева құқық бұзушылыққа бой алдырған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге заңдылыққа сәйкес қандай шара көрілетіндігін түсіндірді. Ақция барысында мектеп оқушылары өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Айта кетейік, алдағы уақытта «Ашық есік» күні акциясына Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы барлық мектеп оқушылары қатыстырылатын болады
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

15 ақпан 2024 ж. 286 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 153

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031