Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп лигасының жүлдесін меншіктеп қайтты

Мектеп лигасының жүлдесін меншіктеп қайтты

Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9-11 ақпан күндері Қызылорда қаласында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және облыстық үздік команданы анықтау мақсатында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасына сәйкес гандболдан "Ұшқыр доп", волеболдан "Шұбар доп", баскетболдан "Алтын доп", тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шахмат спорт түрлерінен облыстық іріктеу жарыстары өтті.

Жарыстың нәтижесі бойынша Гандболдан 7-8 сынып қыз балалар арасында өткен жарысқа Ғ. Мұратбаев атындағы №91 мектеп оқушылары қатысып жүлделі І орын, сондай-ақ аталған мектептің 7-8 сынып оқушылары тоғызқұмалақтан жүлделі ІІ орын және үстел теннисіне Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Сонымен үздіктер қатарынан гандбол спорт түрі бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің 8 сынып оқушылары Көбен Іңкар мен Нұғман Әлия және үстел теннисіне Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің 7 сынып оқушысы Сейілхан Салауат білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының диполмымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 ақпан 2024 ж. 230 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930