Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыдағы қазына

Қазалыдағы қазына

Тарих парақтарындаСыр бойындағы ең алғашқы кітапхана – Қазалы қаласында ашылғаны жазылған. Бұнда 160 жыл бұрын баспадан шыққан кітаптар сақталған. 1900 жылы Перовскіден кейінгі өз оқырманына есік ашқан киелі орда кітапхананың ашылуына Қазақстан мен Орта Азияның табиғаты мен тарихын зерттеп жүрген сол кездердегі орыс зиялылары ықпал еткен екен. Ресейден жер аударылып келген орыстың социал-демократтары, көзі ашық интеллигентция өкілдері әдеби кітаптар сыйлап, кітапхана қорын молайтқан. Алғашқы жылдары кітапханада 437 кітап қоры, 113 тұрақты оқырманы болыпты. Бүгінде оқырман саны 3145 болса, кітап қоры – 46142.
Арал теңізін зерттеуге келген академик А.С.Берг кітапханаға арнайы келіп, ғылыми ктіаптарды сыйға тартқан деседі. Ал П.П.Семенов Тянь-Шанский өзінің жеке кітапханасынан екі жүзге тарта кітапты өз қолтаңбасын жазып, сыйға тартқан. Қазіргі таңда 78 дана кітап қазалы қалаллық кітапханасының «Алтын қорында» сақтаулы.
Кітапхана меңгерушісі Жанар Сейталиеваның айтуынша, Арал теңізін зерттеуге келген академик Лев Семенович Берг пен Орта Азияға сапар шеккен атақты саяхатшы ресей географы Петр Петрович Семенов-Тянь-Шаньский өздерінің жеке кітапханаларынан 200-ге тарта кітапты сыйға тартқан. Олардың ішінде сөздіктер мен энциклопедиялар, этнографиялық және географиялық классикалық, әдеби кітаптар бар.
«Алтын қорға» арнайы барып, кітап беттерін парақтағанда 1864 жылы Санк-Петербург қаласында басылып шыққан 3 томдық үстел анықтамалық сөздігі, 1899-1901 жылдары жарық көрген «Шағын энциклопедиялық сөздіктер» барын көрдік. Алғашқылары сол кездегі білімнің барлық сала бойынша ақпараттарды қамтыса, соңғы сөздікте адам өмірі мен табиғат құбылыстарына қысқаша мәлімет береді. 1903 жылы жарық көрген «Үлкен энциклопедия» деп аталатын көп томдықтың оныншы томында Қазалы уезі туралы мәліметтер берген. Мирзаев Арсеннің редакциялауымен басылған «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 20 томында 1911-1914 жылдардағы қазалы қаласының алғашқы жылдары, тұрғылықты халық саны, ұлттың құрамы, табиғаты, экономикалық көрсеткіштері көрсетілген.
Владимир Иванович Дальдің «Ұлы жазушылар кітапханасы» топтамасында 1902-1903 жылдары Семен Афанасьевич Венгерованың редакциялауымен баспаланған ағылшынның атақты драматург, ақыны У.Шекспирдің 5 томдығы, ағылшын жазушысы Джордж Байронның тұңғыш орыс тіліне тәржімаланған шығармалар жинағы, Николай Василевич Гербель жинақтаған «Орыс ақындары» кітабының үшінші басылымында ХYIIІ-ХІХ ғасыр ақындары шығармалары бар.Карус Штерненің «Дүние дамуы» кітабында дүниенің жаратылуы жайында дерек берсе, Виктор Мейердің «Дүниетаным» еңбегі аспан денелері туралы ілімді оқырманына айқын мазмұнды, тартымды, түсінікті тілмен жеткізген.Француз тарихшылары Лавис және Рамбоның бірігіп жазған «ХІХ ғасыр тарихы» атты көп томдығында Батыс Еуропа мен Еуропадан тыс мемлекеттердің тарихы баяндалып, халықтың саяси көзқарастары тартымды баяндалған. Бұл кітаптардың барлығы көне славян тілінде жазылған. Сарғайған парақтар талай тарихтан сыр шертеді.

– 1860 жылы 21 қаңтарда тұңғыш Қазалы училищесi ашылады. Мұқият қарайтын болсақ «Алтын қордағы» кейбір кітаптарда 1900 жылы 2-ноябрьде Қазалы училищесінің қабылдап алғандығы туралы мөр басылған.
Тарих ғылымдарының кандитады Адилбекова Забираш Ашимхановнаның ғылыми дәрежені қорғау барысында жазған диссертациясында былай деп жазылған: «1900 жылы 21 қарашада Қазалыдан Ташкент Әскери губернаторына «қалада кітапхананың ашылуы болды» – деген жедел хат келеді. 1900 жылы 12 қыркүйекте Сырдария облысы әскери губернаторы кітапхананың 19 параграфтан тұратын ережесін бекітеді. 1847 жылы Қазалыға А.И. Бутаковтiң келуi, 1848–1849 жылдары Арал теңiзi маңын зерттеуi, маңызды ғылыми дәлелдерi Ресейдің ғана емес, Батыс Европаның ғылым әлемiнде оған бедел әкелдi. 1902 жылы 8 қарашада Қазалы уезiнiң басшысына Губернатор көмекшiсiнен кiтапханаға А.И. Бутаков есiмiн беруге қарсылық жоқ екендiгi туралы хат келедi.»Деректерге сүйене отырып қалалық кітапхана ашылғаннан кейін бұл кітаптардың кітапханаға өткізілген деген тұжырымға келіп отырмыз, – дейді қалалық кітапхана меңгерушісі Жанар Сейталиева.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, бұл кітаптар тек Петербургте сақталған. Тіпті басылып шыққан Казанда да жоқ көрінеді. Бұл түсіне білген жанға өте құнды дүние. Зерттеп-зерделейтін тарихшы маман болса қызметкерлер бірлесіп жұмыс жасауға әзір. «Алтын қор» атап арнайы бұрыш ашқанымен кітапханашылардың көкейінде «ескі кітаптарды сақтайтын арнайы орын болса» деген тілек бар. Себебі, баспадан 160 жыл бұрын шыққан кітаптар уақыт өткен сайын ескіріп, парақтары сарғайып, жыртылып қалудың сәл алдында тұр.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

.





30 қаңтар 2024 ж. 166 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930