Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Amanat»: Қазалы ауданында үш дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілді

«Amanat»: Қазалы ауданында үш дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілді

Бүгін Қазалы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты.

«Сыр медицинасындағы жаңашылдықтар, бастамалар қолдау тауып келеді. Денсаулық сақтау саласының бастапқы буыны – алғашқы медициналық көмек көрсету, аурудың алдын алу. Ол үшін әрине, типтік ғимарат, мықты материалдық база керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының мақсаты – ауыл медицинасының әлеуетін арттыру. Ұлттық жоба аясында облыстың елді мекендерінде 27 нысан салынуда. Оның 15-нің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілуде. Бұған дейін Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарында 7 және бүгін Арал ауданында 2 жаңа ғимаратты табыстадық. Қазалы ауданының Абай, Бозкөл және Кәукей ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар қызметін бастайды. Біз ұлт саулығын нығайту бағытындағы кешенді шаралар легін жалғастыра береміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жаңа амбулатория ғимараттарында тіркеу орны, қабылдау, дәріхана, оқшаулау, физотерапиялық емдеу, егу бөлмелері, лаборатория, архив, күндізгі емдеу стационары, жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинеті толық қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалған.



Атап өтейік, медициналық қызметтің қолжетімділігін, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі.

#AMANAT
28 желтоқсан 2023 ж. 544 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031