Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия бағдарламасы аясында қазалылық 50 отбасы баспаналы болды

Партия бағдарламасы аясында қазалылық 50 отбасы баспаналы болды


Қазалы ауданында «AMANAT»партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алғанған 50 пәтерлі 25 үй азаматтарға табысталды. Бүгін пәтер кілтін ауданда арнайы жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов салтанатты түрде табыстады.

Партияның бағдарламасында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1000 пәтер сатып алу жоспарланған. Олардың ішінде 600 пәтер Қызылорда қаласында болса, қалғаны аудандарға тиесілі. Осы ретте бүгін Қазалы ауданында 50 отбасы баспаналы болды.

Жаңа баспаналы болған тұрғындарды құттықтаған аймақ басшысы бұл – мемлекеттің тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарының жемісі екендігін атап өтті.

Айта кетейік, жақында Шиелі ауданында 70-тен астам, Жаңақорған ауданында 50, кеше Арал ауданында 100 отбасы баспана қуанышына кенелді.

#AMANAT
01 қараша 2023 ж. 362 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 13

Үш облыста жол ашылды

15 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031