Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымдарындағы есептік жиындар жалғасуда

Бастауыш партия ұйымдарындағы есептік жиындар жалғасуда

Аудандық партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарында есептік-сайлау жиындары өткізілуде. Күн тәртібінде бастауыш партия ұйымдарының 2021-2022 жылдары атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған міндеттері, сондай-ақ аудандық партия филиалының кезекті XLIV (44) конференциясына делегат сайлау мәселелері қаралуда.
Осы мақсаттағы жиындар «Жастар», «Бекарыстан би» және «Бозкөл ауылы» бастауыш партия ұйымдарында өтті. Партия мүшелері қатысқан жиынға бастауыш ұйым төрағалары төрағалық етіп, атқарылған жұмыстар жайында баяндап, партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
- Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген өңірлік Жол картасында жастар үшін маңызды жобалар қарастырылған. Бүгінде «Qaisar» әскери-патриоттық жобасы аясында аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, бітіруші түлектерінің әскери қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында экскурсиялар мен кездесулер ұйымдастырылды. Ал «Bir tolqynda» жобасы аясында жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында диалог алаңдары құрылды. «Жастарға кеңес» жобасы аясында жұмыс берушілердің қатысуымен жастарға бос жұмыс орындары жәрмеңкелері де тұрақты түрде өткізлді, - деді «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрбек Ақпанбетов.
«Жастар» 322 партия мүшесінің басын біріктіріп отырған бастауыш ұйым. Партия мүшелері әлеуметтік бағыттағы «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобаларын жүзеге асыруға тұрақты атсалысып келеді. Сонымен бірге бастауыш ұйым жастары «Жастар Рухы» жастар қанаты бөлімшесі ұйымдастыратын спорттық және қайырымдылық шараларға белсенді қатысады.

#AMANAT
10 тамыз 2023 ж. 250 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 63

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 61

Не үшін кітап оқу керек?

07 сәуір 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930