Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік қызметкер атанды

Үздік қызметкер атанды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен патриоттық конкурста Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов «ҚР Ауыл шаруашылығының 100 үздік қызметкері» атты республикалық байқауда топ жарды. Оның ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесі мен көп жылғы еңбегі еленді.
Қашан көрсең кішіпейіл қалпынан танбайтын Сапарбек Қыстауұлы өз саласының нағыз маманы деп айтуға тұрарлық азамат. Орта мектепті бітірген соң Алматыдағы зооветеринариялық институтта мамандық меңгерді. Диплом қолға тиісімен Жіңішкеқұм совхозында кіші мал дәрігері ретінде еңбекке араласып кетті. Белсенді жас уақытында кеңшардың комсомол аппарат ұйымының хатшысы, Арал аудандық комсомол ұйымының екінші хатшысы болды. Бұдан бөлек түрлі басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Қазалы ауданының ветринария бөлімін басқарды. 2018-2020 жылдары Арықбалық ауылдық округінің әкімі қызметінде болды. Сапарбек Қуатов ауыл әкімі болған тұста Жанқожа батыр ауылы айтарлықтай өркендеді. Заманауи спорт кешені, полиция бөлімшесінің ғимараты бой көтерді. «Үздік ауыл» номинациясы берілді. Сыйақыға берілген он миллион теңгеге ауыл көшелері абаттандырылып, жарықшамдар орнатылды.
Сапарбек Қуатов 20021 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары. Жақында өткен «Алтын дән – 2023» салтанатты шарасында «Озат бөлім қызметкері» номинациясымен марапатталды.
– Қандай қызмет, жұмыс болсын адам адалдықты алдыңғы орына қоюы шарт. Жұмысты жай ғана орындап қоймай, оның нәтижелі болуы үшін тер төгу керек, – дейді кейінгі толқынға білгенін үйретіп, үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын тәжірибелі маман С.Қуатов.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
18 қараша 2023 ж. 308 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 118

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 110

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930