Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жалақыға дейін берілетін шағын онлайн-несиелерді алып тастау ұсынылды

Елімізде жалақыға дейін берілетін шағын онлайн-несиелерді алып тастау ұсынылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 172 500 теңге сомасына берілетін шағын кредитті толығымен алып тастауды ұсынды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, бүгінде 297 мың адамның 37 млрд теңгеге проблемалық онлайн-микронесиесі бар.
"Мұндай онлайн-микрокредиттер немесе жалақыға дейінгі қарыз қашықтан беріледі. Көп жағдайда қарыз алушы тиісті деңгейде сәйкестендірілмейді, оның төлем қабілеттілігі бағаланбайды. Осыған байланысты агенттік 45 күнге дейін берілетін және сомасы 50 АЕК-тен (172 500 теңге) аспайтын шағын кредитті толығымен алып тастау туралы бастама көтерді", – деді Әбілқасымова парламенттік тыңдауда.
Ол онлайн несиелеу компаниялары өз қызметін жалғастыра беретінін айтты. Алайда шағын несиені кез келген мерзімге барлық микрокредиттік ұйым үшін бекітілген бірыңғай ставкамен беруге тиіс.
Қазіргі таңда республикада 254 микроқаржы ұйымының ішінде 50 компания онлайн несиелеумен айналысады.
20 қазан 2023 ж. 275 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031