Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысына Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінде баяндады

Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысына Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінде баяндады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысына Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жөнінде баяндады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
Аймақ басшысының айтуынша Қызылорда облысының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 115,8 пайызға (227 млрд.теңге), ауыл шаруашылығы 101,6 пайызға (157 млрд.теңге), құрылыс 126,4 пайызға (117 млрд.теңге), тұрғын үйлер салу 118,9 пайызға (618 мың ш.м), сауда-саттық 104,1 пайызға (531 млрд.теңге) артқан. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемін биыл 472 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Оның басым бөлігі жеке инвестицияларға тиесілі.
Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жыл ішінде 27 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі кезде Қызылорда қаласында физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты салынуда.
Емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, Қан орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 медициналық-амбулаториялық нысан салынып жатыр;
Өңірде бірқатар спорт және әлеуметтік-мәдени нысан бой көтереді. Атап айтқанда, жуырда 7 мың орындық Орталық стадионның, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Аудандарда шағын 11 дене шынықтыру кешенін салу үшін жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңге бөлінген. Облыс орталығында салынып жатқан Өнер орталығы жыл аяғына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің тыныс-тіршілігін түлетуге жергілікті кәсіпкерлер де елеулі үлес қосып жатқанын айтты. Әлеуметтік нысандар салу, демалыс саябақтарын, ойын-спорт алаңдарын, үйлердің қасбеттерін жаңарту, аулаларды абаттандыру жұмыстары демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып келеді.
10 қазан 2023 ж. 195 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30