Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Беларусь құны 100 млн доллар болатын 4 жобаны іске қоспақ

Қазақстан мен Беларусь құны 100 млн доллар болатын 4 жобаны іске қоспақ

Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады, деп хабарлайды inform.kz
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті.
Әлихан Смайылов Беларусь Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты. Премьер-Министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.
Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен, қазірдің өзінде құны $180 млн-ға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1400 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асыру сатысында құны $19 млн-ды құрайтын 2 жоба бар. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 млн-нан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Беларусь Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.
«Бүгінде бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз», — деді Роман Головченко.
Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.
26 қыркүйек 2023 ж. 287 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 139

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 145

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031