Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада киелі жерлерді балаларға мультфильм арқылы таныстырады

Қызылордада киелі жерлерді балаларға мультфильм арқылы таныстырады

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдрахманова Сыр өңірінің тарихы мен киелі жерлерін, туған жердің тұлғалары мен қасиетін дәріптеу мақсатында «Сиқырлы кілт» атты танымдық-фантастикалық мультфильмді ел назарына ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
С. Әбдрахманова анимациялық мультфильм жасап шығу үшін 6 ай уақыт жұмсады. Мультфильмнің жасалуына «Bilim Foundation» қоғамдық қоры демеушілік жасаған. «Өлкеміздің кешегі тарихы мен бүгінгісін байланыстырған туындыға үздік педагогтар мен тарихшыларды тарттық. Сондай-ақ, кейіпкерлердің үніне облысқа танымал әртістердің дауысы пайдаланылды. Менің бұл жұмысым Сыр елінің туған күніне жасаған тартуым болмақ», - деді С.Әбдірахманова. Айта кетелік, Сыр өңірінің тарихынан сыр шертетін анимациялық фильм бұрын болмаған. «Бұл туынды біздің әрбір мектеп оқушысына Сыр өңірінің табиғатын тануға, тарихын білуге көмегін береді деген үміттеміз. Өлкетану бағытындағы әрбір сабақта пайдалануға қолайлы ең тиімді құралға айналады деген ойымыз да бар», - деді «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Гүлмира Әшірбекова. «Сиқырлы кілт» мультфильмінің тұсаукесері 13 маусымда бүгін болады.
Әділжан Үмбет
inform.kz
13 маусым 2018 ж. 1 515 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 177

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031