Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі шахматшы қызға 250 мың теңге сыйлады

Қызылорда облысының әкімі шахматшы қызға 250 мың теңге сыйлады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғалимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жүздесу барысында аймақ басшысы жас шахматшы мен оның бапкері Василий Шимелковқа алдағы сайыстарда жеңіс тіледі. Сондай-ақ, оған 250 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 20-29 сәуірі күндері Албанияның Дуррес қаласында өткен әлем чемпионатында Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында жеңімпаз болды. «Бұл менің халықаралық байқаудағы алғашқы алтын медалім, одан бұрын биыл Таиландта өткен Азия чемпионатында және 2017 жылғы Румыниядағы әлем чемпионатында күміс медальдарды жеңіп алған едім. Облыс басшылығына спортсмендерді үнемі қолдап, аймағымызда шахмат ойынын дамытып жатқаны үшін алғыс білдіремін», - деді Назерке Нұрғали. Үстіміздегі жылдың тамыз айында Назерке Моңғолияда жалауын көтеретін Азия чемпионатында, қыркүйекте Түркияда болатын әлем чемпионатында (20 жасқа дейінгі қыздар арасында) бақ сынайды. Ал қазан айында оны Грекиядағы әлем біріншілігі (14 жасқа дейінгі шахматшылар) күтіп тұр.
Әділжан Үмбет
inform.kz
12 маусым 2018 ж. 1 531 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031