Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Қызылордалық оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық шахматшы өрен Назерке Нұрғали Албанияның Дуррес қаласында өткен шахматтан 15 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Назерке швейцар жүйесі бойынша классика түрінен 9 турдан 8 ұпай жинап, жеңімпаз тұғырынан көрінді. Ол - елімізде шахматтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген үздіктердің бірі. 2004 жылы 7 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген ол қазір №136 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің 9-сыныбында оқиды. Шахматпен 6 жасынан бастап шұғылданған Назерке №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Сыр саңлағы шахматтан еліміздің 9 дүркін чемпионы атанған. ФИДЕ шебері, Ол 2014-2015, 2017-2018 жылдары Азия чемпионатында күміс және қола жүлдегер атанған. 2016 жылы шахматтың рапид түрінен Азия чемпионы болса, классика түрінен күміс жүлдеге қол созды, Назерке былтыр Румынияда өткен оқушылар арасында әлем чемпионатында күміс алса, биыл оны алтынға жеткізді. «Шәкіртімді алдағы уақытта да маңызды жарыстар күтіп тұр. Атап айтқанда, ол тамызда Моңғолияда Азия чемпионатына, қыркүйекте Түркияда әлем чемпионатына қатысады. Бұл жолы Назерке 20 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түседі», - дейді оның бапкері Василий Шмелков. Айта кетейік, әлем чемпионатында дүние жүзінің 40-тан астам елінен келген 420 жеткінше бақ сынады. Бұл сайыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.
Әділжан Үмбет
inform.kz
10 мамыр 2018 ж. 1 360 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031