Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бөбек» сауықтыру орталығына балалар тегін жіберілетін болды

«Бөбек» сауықтыру орталығына балалар тегін жіберілетін болды

Бүгінге дейін орталықта 7 сауықтыру ауысымы өткізілді, деп хабарлайды baq.kz
2023 жылдың басынан бастап Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» Ұлттық білім беру және сауықтыру орталығында еліміздің барлық өңірлері бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 1000-нан астам бала тегін сауықтыру шараларын қабылдады.
Бүгінге дейін «Бөбек» орталығы 7 сауықтыру ауысымын өткізді. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының балалары келіп, қатысты.
Балаларды сауықтырудың тиімділігі медициналық оңалту қағидаларына негізделген, бұл - емдеу-сауықтыру іс-шараларының жүргізілу реттілігі, кешенділігі, қозғалыс белсенділігі, оңалту мен сауықтыруда табиғи факторларды пайдалану, емдік-профилактикалық тамақтану, психологиялық қолдау шаралары.
Әрбір балаға оның жасын, физикалық және психоэмоционалды жағдайын ескере отырып, жеке сауықтыру бағдарламасы жасалады.
22 күндік сауықтыру бағдарламасында медициналық тексеру және медициналық бақылау, фитотерапия, сауықтыру массажы, физиотерапия, шунгит терапиясы, тұз шахтасы, бейімделген дене шынықтыру, емдік дене шынықтыру, психологпен сенсорлық бөлмедегі жаттығулар, 6 рет тамақтану, спорттық іс-шаралар, Алматы қаласы бойынша экскурсиялар қамтылған.
Айта кетейік, «Бөбек» ҰҒПББСО Алматы қаласында жыл бойы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, емдеу процедуралары мектеп бағдарламасы бойынша оқумен біріктірілген.
Одан бөлек, орталықта балалардың ой-өрісін кеңейту үшін қызығушылықтарына қарай әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылған.
Бұған дейін маңғыстаулық балалар жазғы демалысын Каспий жағасында өткізген еді.
18 тамыз 2023 ж. 262 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 67

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930