Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан, Иран және Әзірбайжан ғалымдарының бірлескен монографиясы шықты

Қазақстан, Иран және Әзірбайжан ғалымдарының бірлескен монографиясы шықты

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты «Иран Республикасындағы жер сілкінісі кезінде Әзірбайжан мен Қазақстанның инновациялары арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» монографиясын шығарды, деп хабарлайды baq.kz
ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл монографияда Иран елінде тіркелетін апатты жер сілкіністеріне жүйелі талдау жасалған.
Ғимараттар мен құрылыстардың қирауының, сондай-ақ адамдар мен жануарлар өлімінің және тағы да басқа жағдайлардың негізгі себептері келтірілген.
Бұған қоса аталған ғылыми еңбекте Ирандағы апатты жер сілкіністерінің салдарын жоюдың ұйымдастыру жұмыстары мен оны жетілдіру жолдары сипатталған. Аумақтар мен құрылыстарды сейсмикалық қорғау, сондай-ақ саман блоктардан салынған құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығы бойынша инновациялық техникалық шешімдер мен зерттеулер жүргізілген.
Қазір Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы көлемінің шамамен 30%-ында ұсақ дара бөлшекті материалдар пайдаланылады. Ал аталған құрылыс көлемінің басым бөлігін жеке құрылыс компаниялары өз қаражаты есебінен жүзеге асырып келеді. Бұл ретте 25%-ға жуық жеке тұрғын үйлер саманнан салынатынын айта кетейік.
Аталған монография «Төтенше жағдайлар және тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бакалавр, магистратура және аспирантурада оқитын азаматтарға арналған. Сондай-ақ құрылыс және инженерлік-геоэкологиялық мекемелердің студенттеріне, аспиранттарына, инженерлеріне және ғылыми қызметкерлеріне оқу құралы ретінде пайдалануға жарамды.
18 шілде 2023 ж. 179 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 72

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930