Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас дәрігер ауданда болды

Бас дәрігер ауданда болды

Жақында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов жұмыс сапарымен Қазалы ауданында болды.
Аймақтың бас дәрігері аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовпен бірге ең алдымен Бозкөл ауылдық округіне барып, жаңадан бой көтеретін амбулаторияның орнын көрді. Сондай-ақ Қазалы қаласындағы «Шипагер» дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты.
Мұнан соң «Жетес би» дәрігерлік амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын көрген Олжас Ермекұлы аудандық емхананың жұмысына да қанығып, ақ халатты абзал жандармен кездесті.
Өңірдің бас дәрігері бұдан бөлек аудандық көп бейінді орталық аурухана, орталық жедел-жәрдем көмек көрсету стансасы және теміржол ауруханасына да аялдады.
Сонымен қатар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов пен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.
Айта кетейік, өңірдің бас дәрігерінің ауданға сапары барысында Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева да бірге жүрді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
10 маусым 2023 ж. 466 0

Жаңа министр ант берді

10 мамыр 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031