Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдетілген автонесиелеу: бағдарламаға кімдер қатыса алмайды?

Жеңілдетілген автонесиелеу: бағдарламаға кімдер қатыса алмайды?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда автонесиелеу бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды el.kz
Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңдегі автонесиеден айтарлықтай өзгеріс жоқ. Дегенмен бірқатар толықтыру бар.
Ең алдымен, біз жалақының шекті мөлшерін белгілейміз. Жалақысы шекті мөлшерден жоғары азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды. Несиені төлей алатынын растау үшін азаматтарда кем дегенде 10-15 пайыз алғашқы жарна болуы керек деп есептейміз, - деді министр.
Жеке көлігі бар азаматтар да жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатыса алмайтынын атап өтті.
Бағдарлама әлі де қарастырылып жатыр. 15 мамыр күні нақты шешімі шығатынын айтты.
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысқан азаматтар қайта екінші кезеңге қатыса алмайды. Көлігі бар азаматтар да қатыспайды. Сондай-ақ осыған дейін несие алғандардың жалақысын зерттеп, зерделейтін боламыз, - деді Марат Қарабаев.
Бұған дейін аталған бағдарлама қашан басталатынын және оған кімдер қатыса алатынын жазғанбыз.
03 мамыр 2023 ж. 237 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930