Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «5-20-25». Бағдарламадан кімдер үміт күтеді?

«5-20-25». Бағдарламадан кімдер үміт күтеді?

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «5-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына кімдердің қатыса алатындығын айтты.

«Негізгі шарттардың бірі олар әкімдікте баспана кезегінде түруы тиіс. Әрбір кезек көпбалалы отбасы, жетім балалар, мүгедек балалардың ата-анасы, мемлекеттік, бюджеттік қызметшілер деп жеке-жеке санатқа бөлінген. Бірақ, санатқа байланысты олардың шынымен баспанаға мұқтаж әлде мұқтаж еместігін анықтауға болмайды. Мәселен, менің жалақым маманның жалақысына қарағанда жоғары. Ал заңға сәйкес, біз кезекте тұруға құқылымыз. Сондықтан кезекте тұрғандарды кірістері бойынша бөлуге шешім қабылдадық», – деді ол.

Аталған бағдарламаға 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтар (92 мың теңге) қатыса алады. Оларға несие 25 жылға 20 пайыздық бастапқы жарнамен жылына 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі.

«Кірісі жоғары адамдар «7-20-25» бағдарламасына қатысуы немесе екінші деңгейлі банктердің бағдарламасы арқылы баспана алулары қажет. Мемлекеттік қызметші санатына кіргеніммен жалақым жоғары болғандықтан мемлекет субсидиялайтын жеңілдігі бар мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмаймын», – деді Қ.Өскенбаев.

Ал «Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова «5-20-25» бағдарламасына қатысушылары жинақ банкінен шот ашып, жарнасын төлеуі қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, үміткердің соңғы 5 жылда меншігінде баспанасы болмауы тиіс.
aikyn.kz
20 қараша 2019 ж. 906 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930