Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі

Медициналық мекемелерге ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда еркіндік беріледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында медициналық ақпараттық қызметтер нарығында монополияға қарсы әрекет ету шаралары талқыланды, деп хабарлайды baq.kz.
Мәселен, емханалар мен басқа да медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда барынша еркіндік беру тетіктері қаралды. Бұл, қандай да бір компанияның нарықта үстемдік етуінің техникалық мүмкіндіктерін шектеуді білдіреді.
Бүгінгі таңда медициналық мекемелердің таңдауы шектеулі, өйткені жеке компаниялар оларға жинақталған мәліметтер базасын бермеуге құқылы, бұл ауруханаларды сол жеткізушілермен ғана келісімшарт жасауға мәжбүрлейді.
Сонымен қатар қазіргі уақытта ЦДИАӨМ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, eHealth мемлекеттік платформасын құру бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны, оның шеңберінде қажетті медициналық мәліметтері бар пациенттер туралы бірыңғай дерекқор қалыптастыру жоспарланып отырғаны атап өтілді.
17 наурыз 2023 ж. 265 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 127

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 188

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 135

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930