Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар мұқтаж жанға үй алып берді

Қазалылықтар мұқтаж жанға үй алып берді

Үрмәш Түктібаев ауылының тұрғындары баспанаға мұқтаж отбасыға тұрғын үйдің кілтін табыстады. Ауыл тұрғыны Перуза Бекен үйі отқа оранып, отбасымен бірге далада қалған болатын. Сол уақытта ауыл тұрғындары көңілі жабырқаған ананың жанынан табылды. Қолдарынан келген көмекті көрсетіп, көпшілікке үндеу жариялады.
Бір айдың ішінде жаңа баспанаға жететін қаржы жиналып, үй алынды. Бұл қолдау шараларына аудан халқымен қатар, Бекарыстан би және Майдакөл ауылдарының тұрғындары да белсенділік танытып, үлестерін қосты.
Мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілтін табыс етуде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өз тілектестігін білдіріп, ауыл халқына ризашылығын жеткізді.
- Қазақ халқы әрдайым жабырқаған жандардың жанынан табылып, қол ұшын созған. Игі дәстүрден жаңылмаған біздің ауыл тұрғындары да тілсіз жаудың кесірінен үйінен айырылған анаға баспана алып берді. Сондықтан да бүгінгі игі бастамаларды жүзеге асырып, ел ықыласына бөленген азаматтарға алғысымызды айтамыз, – деді аудан әкімі.
Игі бастаманың іске асуына ұйытқы болып, белсенділік танытқан біртқатар ауыл азаматтары Жәниет Өтеген, Балықбай Төреханұлы, Балғазы Аймағанбетұлы, Алмас Үсейінұлы, Ізат Ғабдулла мен Нұрсұлтан Оңталапұлына аудан әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Қуанышты сәтте ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Өтеген, ауыл имамы І.Ғабдулла сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді.
Жаңа баспанаға ие болған Перуза Бекен жаңа үйді сыйға тартқан халыққа алғысын жаудырып, ризашылығын жеткізді.
01 наурыз 2023 ж. 266 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 58

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930