Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспаналы болу бақыты бұйырды

Баспаналы болу бақыты бұйырды

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді қазақ. Жетімін жылатпаған, жалғызын жолда қалдырмаған бабаларымыз адамдық тәрбиенің үлгісін салып кетті. Осы ретте үйсіз, күйсіз жүрген жандарға баспана сыйлап жүрген жайсаңдар аз емес екенін айта кету керек. Қарапайым көпшіліктің ақ ниетімен жүзеге асып жатқан «Қарекет» қайырымдылық қоры жақында жалғызбасты анаға Әйтеке би кентінен баспана сыйлады.
Баспананың кілтін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев табыстап, кір машинасы мен шаңсорғыш сыйлады. Мұнан соң осынау шараның ұйытқысы болып жүрген Жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев пен «Қарекет» қайырымдылық қорының Қазалы ауданы бойынша еріктілерінің жетекшісі Айдос Таңбышовқа ризашылығын айтты.
Игі бастаманың арқасында баспанаға қол жеткізген Жанкент ауылының тұрғыны Қарлыға Матованың қуанышында шек жоқ. Ақ жаулықты апаның қолында мүмкіндігі шектеулі ұлы мен келіні, немересі тұрады. Аудан орталығынан кең әрі жайлы баспанаға ие болған отбасының ризашылығы мен қуанышын бөлісуге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев арнайы барып қайтты. Осы орайда аудан басшысы еріктілердің бастамасына сәттілік тілеп, алғысын айтты.
Бәріміз білетіндей, «Қарекет» қайырымдылық қорының басты мақсаты – мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға баспана сыйлау. Осыған дейін аудан бойынша қордың қолдауымен 8 тұрғын баспаналы.

Арай ЖҮСІП
09 қазан 2021 ж. 494 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930