Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алғаш рет онкологиялық ортопедияда 3D-протездеу басталды

Қазақстанда алғаш рет онкологиялық ортопедияда 3D-протездеу басталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды.baq.kz
Былтыр Қазақстанда алғаш рет Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында онкологиялық ортопедияда бірегей реконструктивтік-пластикалық араласулар, яғни 3D-протездеу жүргізу басталды. Өскемен және Шымкент қалаларында 2 жаңа қымбат тұратын сәулемен емдеу аппараты қойылып, жұмыс істей бастады. 2022 жылғы қазанда Шымкент қаласында жаңа ПЭТ-орталық жұмысын бастады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, Жамбылда жаңадан салынған орталық қолдануға беріледі.
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының құрылысы аяқталды. Семей қаласында Ядролық медицина және онкология орталығы жұмыс істейді. Ол жерде қалқанша без обырымен және тиреотоксикозбен ауыратын 900 таяу науқас емділіп шықты. Ядролық медицина стандарты алғаш рет әзірленіп, бекітілді. Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Онда онкологиялық ауруларды емдеудің ең заманауи технологиялары: протондық терапия, геномдық бейіндеу, карти-терапия көрсетіледі, - деді Ажар Ғиният.
Еске сала кетейік, бұған дейін министр республикамыздың бес өңірде жаңа онкология орталықтары салынатынын айтқан болатын.
28 ақпан 2023 ж. 421 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 28

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 28

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 32

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031