Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте ішкі нарықтағы тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды

Үкіметте ішкі нарықтағы тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд м3 болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталуда. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд м3-ден екі желі бойынша іске асыру жоспарланып отыр.
Премьер-министр дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар кеңесте газ транзиті мен импортының кейбір мәселелері қаралды.

27 ақпан 2023 ж. 394 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031