Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер компьютер бағдарламасы арқылы іріктеледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер компьютер бағдарламасы арқылы іріктеледі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Қазақстанда «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеуді компьютер бағдарламасына тапсыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды.zakon.kz
Мұндай жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты.
"Біз "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеуді автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып қарастырамыз. Бұл ретте шешімді конкурстық комиссия емес, жүйенің өзі іріктеудің барлық кезеңі бойынша ұпайларды жинақтау негізінде қабылдайды. Біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық автоматтандыру және барлық қатысушыларды анонимизациялау арқылы барынша азайтамыз. Оларға кездейсоқ ID беріледі".
Оның айтуынша, «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлері (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер) тағайындалуы үшін іріктеудің бірнеше кезеңінен өтеді. Оның ішінде заңнаманы білуге тест, жеке қасиеттерді бағалау, сандық және ауызша ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары бар. Соңғы кезең – соңғы шешімді қабылдайтын конкурстық комиссиямен әңгімелесу.
Алдағы уақытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі конкурстық комиссияны «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін іріктеу жүйесінен шығаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев мемлекеттік қызметкерлердің өзін қалай ұстауы керек екенін айтқан еді.
22 ақпан 2023 ж. 326 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930