Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік түлектер аудан мен ауылдардағы мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз тағайындалады

Үздік түлектер аудан мен ауылдардағы мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз тағайындалады

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды.baq.kz
Айтуынша, мемлекеттік грантпен оқыған қазақстандық оқу орындарынының үздік түлектері аудан мен ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады.
Облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қала әкімі және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа); жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданының және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшы емес лауазымы; аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымы; орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және оның ведомствосының облыстың ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады, - деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары.
Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізеді деп отыр.
22 ақпан 2023 ж. 474 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031