Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды

ҰБТ қажет пе, жоқ па? Білім министрі көптің көкейіндегі сұраққа нүкте қойды

Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу мемлекеттік гранттарды бөлген кезде жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін өткізіледі. Біз тестілеу жүйесін одан әрі жетілдіру керек деп ойлаймыз. Қазір білім жүйесінде істейтін қызметкерлермен консультациялық жұмыстар жүріп жатыр. Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орнына түсу жүйесін жетілдіруді көздеп отыр", - деді Шәмшидинова журналистерге.


Министр мемлекетік грантты бөлу маңызды процесс екенін атап өтті.
"Өйткені еліміздің барлық азаматы осы грантқа үміттенеді. Сондықтан министрліктің міндеті – барынша ашықтықты, азаматтардың тең құқығын, ең бастысы, грантты бөлу кезінде әділдікті қамтамасыз ету. Сондықтан біз мұны осы позиция тұрғысынан қарастырамыз", - деді ведомство басшысы.
Айта кетсек, елімізде ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында басталады. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма беріледі, алайда одан әр түлектің 140 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.



28 мамыр 2019 ж. 1 353 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031