Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты

Түркиядағы зілзала құрбандарының саны 35 мыңнан асты

Түркиядағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 35 418 адамға жетті. Бұл халқына телеүндеу жолдаған ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жиналыс Түркияның Төтенше жағдай салдарын жою басқармасының Анкарадағы штаб-пәтерінде өтті. Ел президенті Мемлекет зілзаладан жарақат алған 13 208 адам ауруханаларда ем алып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол әлем сарапшылары Түркиядағы жер сілкінісін "ерекше табиғат құбылысы" деп атағанын хабарлады.
Президент Ердоғанның сөзінше, апат аймағындағы іздеу-құтқару және басқа да жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылған. Олар үйінді астындағы іздеу-құтқару жұмыстары тірі адамдар аман шығарылғанға дейін жалғасатынын атап өтті.
“Келесі айда зілзаладан зардап шеккендерге арналған 30 000 үйдің құрылысы басталады. Қазіргі уақытта 1,6 млн адам баспанаға мұқтаж. Апат аймағында 175 мың палатка, 5,4 мың контейнер үлгісіндегі үй орнатылған",- деді Режеп Ердоған.
Оның сөзінше, Түркия билігі зілзала болған аймақтардың бәрінде жыл бойы сапасы жоғары әрі адамдарға қауіпсіз тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
"Түркия уақыты бойынша 15 ақпан, 20:00-де Түркия, Әзербайжан және Солтүстік Кипрдегі Түрік Республикасында "Түркия – бір жүрек" ұранымен жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсететін науқан болады", - деді Түркия президенті.
15 ақпан 2023 ж. 138 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930