Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда маска сатылмайды, тек қана тегін таратылады

Түркияда маска сатылмайды, тек қана тегін таратылады

Түркияда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы алдын алу шаралары кезең-кезеңімен қабылдануда. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоғанның отандастарына жасаған телеүндеуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркия билігі халыққа медициналық масканы тегін таратуға кіріскенін, ал олардың ақшаға сатылуына тыйым салынғанын хабарлады. Ердоғанның айтуынша, Түркияның денсаулық сақтау жүйесі күн сайын 20 мыңнан астам коронавирус инфекциясына тест жүргізе отырып, «маңызды кезеңнен» өткен. Бұдан бөлек, Ердоған Ыстанбұл әуежайы ауданында инфекция таралмас үшін 1000 төсек-орындық тағы екі аурухана болатынын мәлімдеді. Түркия басшысы ел үкіметі COVID-19 пандемиясы аясында тағы 2,3 миллион отбасына көмек көрсету жоспарын дайындап жатқанын айтып өтті. Ол өткен аптада басталған Ұлттық ынтымақтастық науқаны кезінде қайырымдылыққа 1,5 миллиард түрік лирасы жиналғанын айтты.


07 сәуір 2020 ж. 841 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031