Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік көліктерді заңдастыру жұмысына мониторинг жүргізілді

Шетелдік көліктерді заңдастыру жұмысына мониторинг жүргізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік көліктерді біржолғы заңдастыру туралы жариялаған болатын.
Бүгінгі күнге Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына «Автокөлікті заңдастыру үшін тексеру» мемлекеттік қызметі бойынша 3 мыңға жуық азамат өтініш беріп, 1000-ға жуық көлік иелері шетелден әкелген көліктерін заңдастырған. Департаменттің қызметкерлерімен шетелдік көліктерді біржолғы заңдастыру жұмыстарының барысына мониторинг жүргізілді.
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет алушылар құжаттарын электронды түрде тапсыру үшін қосымша 14 дербес компьютер орнатылған. Сонымен қатар орталықта көліктерді заңдастыру бойынша облыстық салық және әкімшілік полиция департаменттерінің мамандарымен кеңестер берілуде.
Айта кету керек, шетелдік есепке алынған автокөліктерді заңдастыру – бір реттік акция, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатын болады.
Еске сала кетейік, алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж - 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін - 9 660 теңгені құрайды.

10 ақпан 2023 ж. 376 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930